Мектептің тәрбие жұмысы жоспары және Жас жол қозғалысы инспекторларының жылдық жоспары негізінде 10-сынып оқушылары арасында «Жарақаттанғанда, жаралап алғанда алғашқы медициналық көмек көрсете білуге дағдылану» тақырыбында түсіндірме-практикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолда жүру ережелерін сақтау маңызын түсіндіру және жол-көлік жарақаттары кезінде алғашқы көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Шараны мектеп медбикесі Однорог Е.В. және аға тәлімгер Байгонова Р. ұйымдастырды. Оқушыларға жарақат түрлері, алғашқы көмек көрсету алгоритмі түсіндіріліп, практикалық түрде көрсетілді.
Нәтижесінде білім алушылардың жол қауіпсіздігі мәдениеті қалыптасып, төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету дағдылары бекітілді.





