2025 жылдың 25 сәуір күні Имантау орта мектебінде аудандық деңгейде ұйымдастырылған "Жас маман – жас қадам" атты жас педагогтар слётіне мектебіміздің жас мамандары: ағылшын тілі пәні мұғалімі Ботабай Абылай Жеңісұлы, дене шынықтыру пәні мұғалімі Асемхан Жолжақсы және мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Сейдахметова Кәмшат Бақытжанқызы барып қайтты.
Слёт барысында жас мамандар Ботабай А.Ж. мен Асемхан Ж. педагогикалық жолында алғаш рет өзара тәжірибелерімен бөлісті.