КГУ "Кирилловская СШ"
Ресми интернет-ресурс

«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау бойынша салтанатты іс-шара

Previous Next

2025 жылғы 15 желтоқсан күні мектебімізде «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау бойынша салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында 1-сынып және 5-сынып оқушылары аталған ұйымдардың қатарына қабылданды.

Салтанатты қабылдау кезінде оқушылар ұйымдардың мақсат-міндеттерімен таныстырылып, патриоттық тәрбиеге бағытталған тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шараға Украин ауылдық округінің әкімі Ж.Б. Мукашев, қамқоршылық кеңесінің төрайымы Т.В. Герасимова, ата-аналар комитетінің төрайымы Г.А. Жапарова, мектеп директоры А.Е. Бубинеева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары А.Ж. Есмаганбетова, А.С. Тунгатбаева, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.К. Мукашева, АӘДТ педагог-ұйымдастырушысы Е. Тлеген, жүргізуші дене шынықтыру пәні мұғалімі Ж.Асемхан, мектеп президенті Н. Асқарбекұлы қатысты. Қонақтар салтанатты түрде галстуктарды тағып, ұйым мүшелеріне төсбелгілерді табыстады.
Қонақтар жас ұландар мен жас қырандарға жылы лебіздерін білдіріп, елін сүйетін, білімді әрі жауапты азамат болып қалыптасуларына тілектестік білдірді. Іс-шара жоғары деңгейде, ұйымшылдықпен өтті.
Записаться на прием