КГУ "Кирилловская СШ"
Ресми интернет-ресурс

«Синтетикалық темекінің зияны» тақырыбында түсіндіру жұмысы

«Синтетикалық темекінің зияны» тақырыбында түсіндіру жұмысы

2026 жылғы 10 ақпан күні «Жас Ұлан» ұйымының жылдық жоспарына сәйкес «Синтетикалық темекінің зияны» тақырыбында түсіндіру жұмысы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға синтетикалық темекінің (вейп, электронды темекі және т.б.) адам ағзасына тигізетін зияны туралы жан-жақты ақпарат беру, зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Шара барысында синтетикалық темекінің денсаулыққа, әсіресе жасөспірімдердің жүйке жүйесіне, тыныс алу мүшелеріне тигізетін кері әсері түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, сұрақ-жауап жүргізілді.
Іс-шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға бағытталған тәрбиелік мәні жоғары жұмыс болды.
Записаться на прием