“Қош келдің , Әз Наурыз” тақырыбында 2-3 “А” сыныптармен сынып сағаты өтті. Бұл мерекені барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңелетінін, Самаркандтың көк тасы жібитінін, осы күннен бастап күн жылына бастайтыны туралы ақпарат бере отырып, ұлттық тағам “ Наурыз көже” жасау ойыны ойнатылды. Наурыз көжеге жеті түрлі ас салынатыны дәріптелді. Ұлттық өнері “ Айтыс” ұйымдастырылды. 3 “ А” сынып оқушысы Темірбекұлы Есенгелді мен 2 “ А” сынып оқушысы Әшім Көркем тақырыпқа байланысты өз жыр шумақтарын арнады. Сынып сағатының. соңында “ Ұлттық аспаптар” әні орындалды. Сынып сағаты оқушыларға ерекше әсер сыйлады.
Жаңалықтар
“Қош келдің , Әз Наурыз” тақырыбында 2-3 “А” сыныптармен сынып сағаты
Қаралды: 1





