Мектеп парламентінің жоспарына сәйкес 2026 жылғы ақпан айында 7-сынып оқушыларымен «Әлеуметтік желіні пайдалану әдебі» тақырыбында пікір алмасу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға әлеуметтік желіні мәдениетті әрі жауапкершілікпен пайдалану жолдарын түсіндіру, интернет қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастыру. Пікір алмасу барысында әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны, кибербуллинг, жалған ақпарат, жеке мәліметтерді қорғау, желідегі қарым-қатынас мәдениеті мәселелері қарастырылды.
Оқушылар белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін білдірді. Қорытындысында әлеуметтік желіні саналы әрі қауіпсіз қолдану қажеттігі атап өтілді.





