2026 жылғы 10 ақпан күні «Жас Ұлан» ұйымының жылдық жоспарына сәйкес 3–4 сынып оқушыларымен «Достық қымбат өмірде» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында достық, сыйластық, өзара қолдау құндылықтарын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Шара барысында тақырыптық әңгіме жүргізіліп, мақал-мәтелдер айтылды, жағдаяттық сұрақтар талқыланып, ойындар ұйымдастырылды. Оқушылар достықтың маңызын түсіндіріп, белсенділік танытты.
Қорытындысында оқушылар бір-бірін құрметтеу мен достықты қадірлеу қажеттігін атап өтті. Іс-шара өз мақсатына жетті.
Өткізген: аға тәлімгер.





