«Дене шынықтыру жаттығуларын өткізу тұжырымдамасы» аясында мектебімізде барлық білім алушылардың қатысуымен сейсенбі күні сергіту сәттері (физминуткалар) ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Сергіту жаттығулары оқу процесі барысында жүйелі түрде өткізіліп, білім алушылардың сабаққа деген белсенділігі мен көңіл күйін арттыруға ықпал етті.





