КГУ "Кирилловская СШ"
Ресми интернет-ресурс

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

Previous Next

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

Құрметті ата-аналар!
Жедел қызметтердің мәліметіне сәйкес, мектепке дейінгі жастағы балалардың жарақат алуы мен қаза болуы көбінесе өрттің шығуы, жол қозғалысы ережелерін бұзу, өзен-көлдерде шомылу кезінде, жұқа мұз үстінде ойнау немесе сырғанау салдарынан орын алады. Сонымен қатар табиғи апаттар, улы заттар, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас та қауіп төндіреді.
Балалардың жан-жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымның негізгі міндеті.
Балаларды өмірлік жағдайларда қауіпсіздік дағдыларына үйрету қажет:
балаңызбен жиі сөйлесіп, оның өмірін сақтауға көмектесетін ережелерді түсіндіріңіз;
тұрмыста, көшеде және жолда дұрыс мінез-құлықтың үлгісін өзіңіз көрсетіңіз;
мектепке дейінгі ұйыммен тұрақты байланыста болыңыз: топ тәрбиешілерінің, әдіскердің, ұйым басшысының байланыс нөмірлерін жазып алыңыз;
баланың күн бойы қайда жүргенін біліп отырыңыз: бала тәулік бойы ата-ананың бақылауында болуы тиіс;
балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз, олардың уақыт өткізуін бақылаңыз;
балаға бейтаныс адамдармен сөйлесуге рұқсат бермеңіз;
өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз, тұрмыстық құралдардың, соның ішінде электр жылытқыштардың, басқа да электр жабдықтарының, пештің дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыз;
мектепке дейінгі ұйымға баратын ең қауіпсіз жолды таңдаңыз, жолды кесіп өтуге ерекше назар аударыңыз;
балаларға жол қозғалысы ережелерін үйретіңіз, жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуға дағдыландырыңыз;
балаға бағалы заттарды (ұялы телефон, ірі ақша, әшекей бұйымдар және т.б.) мектепке дейінгі ұйымға бермеңіз, сондай-ақ басқа балаларға тарататын тағам әкелуге жол бермеңіз;
балалардың қалталарын, сөмкелерін тексеріп тұрыңыз, киімдерінде түйреуіш, брошь сияқты қауіпті заттар болмауы тиіс;
балалармен ойын немесе спорт алаңында болғанда қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз;
ересек топтағы балалар өз үйінің мекенжайын, телефон нөмірін, ата-анасының аты-жөнін білуі тиіс;
төтенше жағдайларда хабарласыңыз:
101 – өрт сөндіру қызметі
102 – полиция
103 – жедел жәрдем
104 – газ қызметі
Балалардың қауіпсіздігі – біздің ортақ жауапкершілігіміз!
Записаться на прием