Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, отансүйгіштік рухты қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында оқу орнында оқушылардың қолдан жасаған бұйымдарынан тақырыптық көрме ұйымдастырылып, безендірілді.
Көрмеге оқушылардың әртүрлі материалдардан жасаған қолөнер бұйымдары, ұлттық нақыштағы жұмыстар, суреттер мен шығармашылық композициялар қойылды. Ұсынылған жұмыстарда туған елге деген сүйіспеншілік, Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен тәуелсіздік идеясы көрініс тапты.
Аталған көрме оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып, эстетикалық талғамын дамытуға және Тәуелсіз Қазақстанға деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етті.





