КГУ "Кирилловская СШ"
Ресми интернет-ресурс

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай барлық сыныптарда сынып сағаттары

Previous Next

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай бүгін мектепте барлық сыныптарда сынып сағаттары ұйымдастырылды.

Сынып сағаттарының басты мақсаты – оқушыларға Тәуелсіздіктің тарихи маңызын түсіндіру, ел тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу және патриоттық сезімді қалыптастыру болды.
Сынып жетекшілері сабақ барысында оқушылармен түрлі әңгімелер, шығармашылық тапсырмалар және талқылаулар жүргізіп, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен болашағы туралы ой бөлісті. Бұл іс-шара оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, тарих пен мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Записаться на прием