Наурызнама жоспары аясында 17 наурыз күні «Жакин Б.К.» ЖК тарапынан мектебіміздің барлық оқушыларына арналған мерекелік «Берекелі Наурыз дастарханы» кеңінен жайылды. Бұл игі бастама ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеп, оқушыларға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Осы орайда, ұлттық құндылықтарды насихаттауға қосқан зор үлестері үшін «Жакин Б.К.» ЖК ұжымына шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сонымен қатар, мерекелік дастарханды үлкен жауапкершілікпен, ықыласпен дайындап, жоғары деңгейде ұйымдастырған аспазшы Гульмира апайымызға ерекше алғыс айтамыз.
Сіздердің еңбектеріңіз – оқушыларға көрсетілген қамқорлық пен ізгі ниеттің жарқын көрінісі. Осындай игі істеріңіз үшін алғысымыз шексіз! Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз!





