2026 жылғы 15 ақпан күні – Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылған күніне орай мектебімізде тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Атаулы күнге байланысты АӘДТ педагог-ұйымдастырушы Е.Тлеген, дене шынықтыру пәнә мұғалімі Б.Бекенов мектеп парламентінің мүшелерімен ауған соғысының ардагері Акентаев Әшім Советұлы ағайдың үйіне арнайы барып, кездесу өткізді.
Кездесу барысында Әшім Советұлы оқушыларға Ауғанстан жеріндегі әскери қызметі туралы естеліктерімен бөлісіп, елге және жерге деген сүйіспеншілік, Отан алдындағы борыш пен ерліктің маңызы туралы мазмұнды әңгіме өрбітті. Парламент мүшелері ардагерге алғыстарын білдіріп, құрмет көрсетті.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, тарихи оқиғаларды ұмытпай, ардагерлердің ерлігін құрметтеуге баулу.
Кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға ерекше әсер қалдырды. Ардагерге алғыстарын білдіріп, құрмет көрсетіп, естелік сыйлық табыстады.





