КГУ "Кирилловская СШ"
Ресми интернет-ресурс

Адалдық дүкені

Previous Next

Бүгін 17.02.2026 ж "Кирилловка орта мектебі"КММ жанындағы шағын орталықта "Адалдық дүкені" ойыны ұйымдастырылды. Адалдық дүкені- бұл балалардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған өте тиімді тәрбиелік жоба. Адалдық дүкенінің басты ерекшелігі мұнда сатушы болмайды. Маақсаты: Сенім ұялату: Балалардың бойында өзіне және өзгеге деген сенімді нығайту. Жауапкершілікті сезіну: Алған тауары үшін ақшасын жәшікке өз еркімен салу арқылы ішкі бақылауды дамыту. Тәртіпке үйрету: Сатып алу мәдениетін қалыптастыру және есепке мұқият болу. Ұйымдастырылу кезінде арнайы бұрыш дайындалып, тауарлар (ойыншықтар және азық-түлік тауарлары) қойылды. Әр тауардың қасына бағасы жазылады. Бала келеді қажетті затты алады және ақшасын арнайы "Адалдық жәшігіне салады" . Ұйымдастырушылар тәрбиешілер ұжымы.

Записаться на прием