2026 жылғы 23 наурыз күні Наурызнама жоспары аясында «Тазару күніне» орай Кирилловка орта мектебінің ұстаздары «Қарлы десант» қайырымдылық акциясына белсенді қатысып, ауылымыздағы зейнеткерлердің аулаларын қардан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – үлкендерге құрмет көрсету, көмек қолын созу және жастарға ізгілік пен жанашырлық қасиеттерін дәріптеу болып табылады.
Осындай игі бастамалар қоғамда өзара көмек пен бірлікті нығайтып, қайырымдылық құндылықтарды кеңінен насихаттауға септігін тигізеді.





