2025 жылғы 12 желтоқсанда Саумалкөл ауылында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 2014 жылы туған және одан кіші жастағы ұлдар арасында аудандық футзал жарысының ашық турнирі өтті.
Аталған жарысқа мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі III орынға ие болды.
4-сынып оқушылары – Анарбекұлы Сағи, Мурзазагит Нұрдәулет;
5-сынып оқушылары – Напухан Әмір, Герасимов Эмануиль, Иваныш Әлібек;
7-сынып оқушылары – Анарбек Нұрлыбек, Мұратхан Сұлтан.
Команданың жетекшісі – дене шынықтыру пәні мұғалімі Бекенов Болатбек Меңдібайұлы.
Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтай отырып, мақтан етеміз!





