17 наурыз – Шаңырақ күніне орай Наурыз мейрамына арналған жоспар негізінде мектебімізде «Шаңырақ – отбасы құндылығы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында аналар кеңесінің төрайымы А. Батархан 8–9 сынып қыздарына шаңырақтың маңызы мен ұлттық құндылықтардағы орны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, оқушылармен мазмұнды әңгіме өрбіді.





